"Батыс Украинаны Донбасс мәселесін күшпен шешуге итермеледі"

Лавров «Цифрлық халықаралық қатынастар 2022» конференциясында баяндама жасады.

1812400
"Батыс Украинаны Донбасс мәселесін күшпен шешуге итермеледі"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батыс елдерінің Украинаны Донбасс мәселесін күшпен шешуге итермелегенін атап, «Киев Донецк пен Луганскқа қарсы соғысқа дайындалып жатыр еді» деді.

Сергей Лавров министрлікке қарасты Мәскеу мемлекеттік дипломатиялық институтында (МГИМО) өткен «Цифрлық халықаралық қатынастар 2022» конференциясында баяндама жасады.

Ресей-Украина арасында 24 ақпан күнінен бері жалғасып жатқан соғысқа тоқталған Лавров батыстық елдерінің Украинаға бағыт-бағдар беріп отырғанын айтты.

Лавров «Батыстық елдер 8 жыл бойы Киев режимдерінің Минск келісіміне бағынбауын қолдады. Донбасс мәселесін күшпен шешуге мәжбүр етті. Киев Донецк және Луганскқа қарсы соғысқа дайындалды» деді.

Батыс елдерінің әдеттегі байланыс жолдарын жабуға тырысқанын білдірген Лавров цифрлық дипломатияның шетелдік мақсатты аудиторияға балама көзқарасты жеткізетін жалғыз арна екенін айтты. Ресей Сыртқы істер министрі «Батыстық елдер Украина дағдарысын сылтауратып бізге қарсы гибридтік соғыс жариялады. Бұл соғыс ақпараттық кеңістікке қоса әртүрлі салаларды қамтиды» деді.

Лавров Ресейдің өзін оқшауламағанын атап «Қазіргі дағдарыс кез-келген салада болғандай даму үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады» деді.

Интернетті басқару және киберқауіпсіздік саласында сындарлы ынтымақтастық орнатуды жақтайтындарын білдірген орыс министр цифрлық салада өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерін және онлайн платформаларды дамытатындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар