Зеленский: "Медведчукты орыстар тұтқындаған украиндықтармен айырбастайық"

Зеленский соғыстың 48-ші күнін бағалаған видео үндеу жариялады.

1811522
Зеленский: "Медведчукты орыстар тұтқындаған украиндықтармен айырбастайық"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинге жақындығымен танымал және бүгін ұсталған оппозициялық партия жетекшісі Виктор Медведчукты орыстар кепілдікке алған украиндықтармен айырбастауды ұсынды.

Зеленский соғыстың 48-ші күнін бағалаған видео үндеуінде еліне шабуыл жасаған Ресейдің үлкен шығынға ұшырағанын атап көрсетті.

Орыстардың Украинаға бірнеше күнде басып кіруді жоспарлағанын, бірақ олардың 48 сағаттық жоспарының 48 күнге созылғанын атап айтқан Зеленский «Ресей армиясы осы 48 күнде Шешенстандағы 2 соғыста және Кеңес Одағының Ауғанстанда 10 жылда жоғалтқанынан көп шығынға ұшырады» деді.

Зеленский Украина қауіпсіздік қызметі арнайы бір операциямен ұстаған Виктор Медведчук туралы да мәлімдеді.

Медведчуктың 48 күн бойы жасырынып үлгергенін, бірақ соңында қолға түскенін атап көрсеткен Зеленский «Ресей Федерациясына Медведчукты орыстар тұтқындаған украиндықтармен айырбастауды ұсынамын. Бұл мүмкіндікті біздің құқық қорғау органдары мен армияда назардан тыс қалдырмасын» деді.

Украинаның екінші ірі партиясы болған «Тіршілік үшін оппозициялық платформа» партиясының төрағасы ретінде белгілі Медведчук «мемлекетке опасыздық жасады» деген күдікпен 2021 жылдың мамыр айында үй қамаққа алынды.

Елде соғыс басталған соң үй қамауынан қашып кеткен Медведчук Путиннің қызының да өкіл әкесі екені айтылады.



Ұқсас жаңалықтар