Шанхай тұрғындары шектемеге наразылық көрсетуде

Шанхайлықтар үйлерінен айғайлау арқылы шектемені протест етуде.

1811574
Шанхай тұрғындары шектемеге наразылық көрсетуде

Қытайдың Шанхай қаласында тұрғындар COVID-ке қарсы шектеулерге байланысты үйінде қамалып отыр, көпшілігі дәрі-дәрмек пен азық-түлік сатып алу үшін сыртқа шыға алмайды.

Желіде жарияланған видеодан тұрғындардың карантинге наразылық білдіріп, көпқабатты үйлердің терезесінен айғайлап жатқанын естуге болады. Лауазым иелері коронавирустың таралуын тосу үшін 5 сәуірден осы таңға дейін қаладағы 26 миллион адамның үйлерінен шығуларына тыйым салған еді. Эпидемияға қарсы мұндай қатаң шаралар Шанхай тұрғындарының наразылығын тудырды.

 



Ұқсас жаңалықтар