Байден мен Джонсон сөйлесті

Басшылар Киевке әскери және экономикалық қолдауды арттыру мәселесін талқылады.

1811347
Байден мен Джонсон сөйлесті

АҚШ  президенті Джо Байден мен Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қолдау көрсету мәселесін талқылады.

Премьер-министрдің № 10 кеңсесі мәлімдемесіне сәйкес, Джонсон Байденге телефон арқылы демалыс күндері өткізілген Киев сапары туралы мәлімет берді.

Джонсон мен Байден Украина әскері елдің шығысында Ресейдің жаңа шабуылына дайындалып жатқан кезде Киевке әскери және экономикалық қолдауды арттыру және жеделдету мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ басшылар Ресей президенті Владимир Путинге экономикалық қысымды күшейту және батыс елдерінің ресейлік мұнай мен газға тәуелділігін тоқтату бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

Ұлыбританияның алдағы күндер мен апталарда Украинаға кемеге қарсы зымырандар мен әскери көліктер беретінін айтқан Джонсон халықаралық қауымдастықтың Украинаға ұзақ мерзімді міндеттемесінің қажет екенін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар