Ливанның Сидон қаласында жарылыс болды

Жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

1810874
Ливанның Сидон қаласында жарылыс болды

Ливанның Сидон қаласының Бенафул муниципалитеті маңындағы Эмел қозғалысы кеңсесіне тиесілі бір орталықта болған жарылыс салдарынан 1 адам қаза тауып, 7 адам жараланды. Жарылыс кезінде қаза тапқан адамның Бенафул мэрі Тевфик Эр-Раздың баласы Али екені білдірілді.

Ливандағы Хизбулланың одақтасы шиит Эмел қозғалысының әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеде жарылыста қаза тапқан адамның Бенафул мэрінің баласы екені расталды.

Жергілікті БАҚ-та жарылыстың себептері арасында Эмел қозғалысына тиесілі қарулардың орталықтың жертөлесінде сақталғаны, аталған жердегі оттегі баллондарының жарылғаны алға тартылды.

Орталығы Катардағы Әл-Жазира телеарнасы жарылыс кезінде қаза тапқан адамның Бенафул мэрінің баласы екенін, Бенафул муниципалитетінің толығымен қирағанын және айналадағы ғимараттарға да зақым келгені хабарлады.

Ливан әкімшілігі әзірге оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар