Украинада 1793 бейбіт халық қаза тапты

Шабуылда 2 мың 439 адам жарақат алды және 4 миллион 503 мың 954 адам көрші елдерге өтті.

1810067
Украинада 1793 бейбіт халық қаза тапты

Ресей 24 ақпанда шабуыл бастаған Украинада осы таңға дейін кем дегенде 1793 бейбіт халық қаза тапты және  2 мың 439 адам жарақат алды.

Шабуылдан кейін  4 миллион 503 мың 954 адам көрші елдерге өтті. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты түрлі хабар көздерінен жинақталған мәліметтер бөлісілді.

Мәлімдемеде 24 ақпан-9 сәуір күндері арасында Украинадан 4 миллион 503 мың 954 босқынның көрші елдерді паналағаны атап көрсетілді. 

Украинадан ең көп босқын, яғни 2 миллион 593 мың  902 босқын Польшаға қоныс аударды.

Румынияға 686 мың 232, Венгрияға 419мың 101, Молдавияға 410 мың 882, Ресейге 404 мың 418, Словакияға 314 мың 485 және Беларуське 19 мың 96 адамның өткені білдірілген мәлімдемеде Донецк пен Луганск аймақтарынан 21-23 ақпан күндері 113 мың адамның Ресейге өтіп кеткені бөлісілді.

Украинадан көрші елдерге өткен босқындардан жүзмыңдаған кісінің Еуропадағы басқа елдерге кеткені анықталды.

Ресей 24 ақпанда шабуыл бастаған Украинада осы таңға дейін кем дегенде 1793 бейбіт халық қаза тапты және  2 мың 439 адам жарақат алды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Ресей-Украина соғысында 24 ақпан-9 сәуір күндері арасында Украинада кем дегенде 1 мың 793 бейбіт тұрғын қаза тапқаны,  2 мың 439 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.

Қаза тапқан және жарақат алғандар санының анықталғаннан тіпті көп болуы мүмкіндігі баяндалды. 



Ұқсас жаңалықтар