Әскери жаттығуға 14 ел қатысады

Бұл туралы Индонезия армиясы мәлім етті.

1810380
Әскери жаттығуға 14 ел қатысады

Индонезия мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) жыл сайынғы екіжақты әскери жаттығуға 14 елдің қатысатынын хабарлады.

CNN хабарына қарағанда, Индонезия армиясының мәлімдемесінде 1-14 тамыз аралығында өтеді деп жоспарланған «Garuda Shield 2022» жаттығуына Англия, Австралия, Жапония, Малайзия, Сингапур және Канада сияқты барлығы 14 елдің қатысатыны айтылды.

Мәлімдемеде жыл сайын өткізілетін екі жақты оқу-жаттығуға 14 елден сарбаздардың қатысатыны және тікелей ату, арнайы операциялар және авиация сияқты тақырыптарға назар аударылатыны білдірілді.

Жаттығуға қатысатын елдерден қанша сарбаз болатыны хабарланған жоқ.

Жаттығулар туралы АҚШ армиясы мен Джакартадағы АҚШ елшілігі ақпарат таратпаған.



Ұқсас жаңалықтар