"Орыстар арандатушылық жасайды деген ақпар алдық"

Зеленский украин халқының ерлігін мақтады.

1809188
"Орыстар арандатушылық жасайды деген ақпар алдық"

Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктердің блокададағы Мариупольде жан-жақты арандатушылық жасайтыны туралы ақпарат алғанын мәлімдеді.

Зеленский халыққа жолдауында Ресейдің Украинаға шабуылы 43 күннен бері жалғасып жатқанын және украин халқының да ерлікпен қарсылық көрсеткенін айтты.

Зеленский украин халқының ерлігін мадақтап, «Егер әлемдегі әрбір адам біз украиндардың батылдығының  10 пайызына ие болса, онда халықаралық құқыққа, халықтардың бостандығына қауіп төнбес еді» деген сөздер қолданды.

Ресейге қарсы санкциялардың соғысты тоқтату үшін жеткіліксіз екенін атап өткен Зеленский «Одан да көбірек және батыл санкциялар қажет» деді.

Соғыста жеңіске жету үшін қару қажет екенін атап көрсеткен Украина президенті «Егер бізге қару берілсе, бұл Ресейге қарсы ең күшті санкция болады» деді.

Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының Украинадағы адам құқықтарының бұзылуына байланысты Ресейдің БҰҰ Адам құқықтары кеңесіндегі мүшелігін тоқтатқанын еске салып, "Ресейдің адам құқығы ұғымына еш қатысы жоқ. Бір күні бұл өзгеретін шығар. Бірақ әзірге Ресей мемлекеті мен Ресей армиясы әлемдегі еркіндік, адам қауіпсіздігі және адам құқығы ұғымдарына ең үлкен қауіп төндіреді. Бұл Бучада анық көрінді» деді.

Зеленский ресейліктердің Мариупольде жан-жақты арандатушылық жасайтыны туралы ақпарат алғандарын айтты.

"Олар Мариупольдегі құрбандарды өлтірген орыс әскері емес, украиндар сияқты етіп көрсетеді. Олар мәйіттерді көшелерден жинап, өздерінің үгіт-насихат сценарийлері бойынша басқа жерде қолданады. Біз адамгершілікке жатпайтын басқыншылармен күресіп жатырмыз» деді ол.

Зеленский шетелдік дипломаттарды Киевке оралуға шақырды. Ол  шетелдік елшіліктердің Киевте жұмысын жалғастыруы Киевтің Ресей провинциясы емес, Украинаның астанасы екенін көрсететін айқын белгі  екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар