Ирактағы АҚШ сарбаздары орналасқан базаға шабуыл жасалды

Иракта Халықаралық коалиция күштері орналасқан әскери әуе базасына зымыран шабуылы жасалды.

1809378
Ирактағы АҚШ сарбаздары орналасқан базаға шабуыл жасалды

Ирак баспасөзінің қауіпсіздік көздеріне негізделген хабарына қарағанда, АҚШ бастаған Халықаралық коалиция күштері орналасқан Айн әл-Асад әскери әуе базасына пилотсыз әуе көлігімен бір мезгілде зымырандық шабуыл жасалды.

Әскери әуе базасындағы әуе қорғаныс жүйесінің 2 пилотсыз әуе көлігін атып түсіргені, ұшырылған 2 зымыранның әуеде залалсыздандырылғаны білдірілді.

Шабуылдың қай жерден жасалғаны туралы қазірше мәлімет жоқ екені, қауіпсіздік күштерінің аймақта жұмыстанғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар