"Украина белгіленген тақырыптан басқа жоба ұсынды"

Лавров Вашингтон мен одақтастарының Киев әкімшілігін бақылауға алғанын және  Украина президенті Владимир Зеленскийді қақтығыстарды жалғастыруға зорлағанын айтты.

1808993
"Украина белгіленген тақырыптан басқа жоба ұсынды"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров:

"Украина кеше Стамбулдағы жиналыста белгіленген үкімдерден өзгеше бір келісім жобасын ұсынды" деді.

Сергей Лавров Украинамен өткізілген келіссөз жайлы видеолы үндеу бөлісті.

"Украина сәрсенбі күні Ресейге басқаша бір келісім жобасын ұсынды және бұл жоба Стамбулда ұсынылған ұсыныстардан басқаша" деген Лавров:

"Украинаның ұсынысы "Қырым мен Донбасс мәселелерін лидерлер кездесуінде қолға алуды дәріптеуде. Украина келесі сатыда әскерлердің шығарылуын сұрайды. Мұны қабылдауға болмайды" деген мәлімдеме жариялады.

Ресейдің Украинамен келіссөздерді жалғастыратынына меңзеген Сыртқы істер министрі Сергей Лавров:

"Ресей өзінің ұсыныс жобасын дайындайды және бастабындағы талаптарды қамтыған алғашқы келісім ұсынысын ілгерлетеді" деді.

Сонымен бірге Лавров Вашингтон мен одақтастарының Киев әкімшілігін бақылауға алғанын және  Украина президенті Владимир Зеленскийді қақтығыстарды жалғастыруға зорлағанын айтты.

Орыс армиясы 24 ақпанда Украинаға шабыл жасап, екі тарап арасында бір реткісі Стамбулда екі мәрте бетпе-бет және интернет арқылы келіссөз өтткізген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар