Мариупольде бір айда бес мың адам қаза тапты

Бойченко қаланың инфрақұрылымының 90 пайыздан астамы қирағанын атап көрсетті.

1808510
Мариупольде бір айда бес мың адам қаза тапты

Украинаның Мариуполь қаласының мэрі Вадим Бойченко қоршауда қалған қалада бір айдың ішінде 5 мың адам қайтыс болғанын айтты. Оның 210-ы – балалар.

Мариуполь муниципалитетінің мәлімдемесіне сәйкес, қала мэрі Бойченко бейнеконференция арқылы Ресейдің Украинаға қарсы қылмысының саяси және құқықтық нәтижелері талқыланған дөңгелек үстел отырысына  қатысты.

Бойченко өз сөзінде соңғы кездері елдің даму символына айналған Мариупольді Ресей әскерлерінің толығымен талқандауға шақ қалғанын айтты.

Бойченко қаланың инфрақұрылымының 90 пайыздан астамы қирағанын атап көрсетті. «Кем дегенде 40 пайызын енді құтқару мүмкін емес» деді ол.

Бойченко «Еуропа елдері украин халқына қарсы жасалған қылмыстарға жауап беруі керек» деді.

"Алдын ала болжам бойынша, қоршау басталғаннан кейін бір айда ғана Мариупольде 5 мыңға жуық адам, оның ішінде 210 бала қайтыс болды. Ресейлік лаңкестік топтар балалар ауруханасына бірнеше мәрте қуатты бомба тастады. Олар ғимараттың бірін қиратты. № 1 қалалық ауруханада 50-ге жуық адам тірілей өртенді. 900-ден астам адам паналаған қала театры бомбаланды. Бұл Мариупольдің бейбіт тұрғындарын мақсатты түрде жоюдың бірнеше мысалы ғана» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар