Израиль полициясы 5 палестиналықты тергеуге алды
Израиль полициясы мен палестиналықтар арасындағы шиеленіс болды.

Израиль полициясы басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысында Дамаск қақпасы алдында жиналған 5 палестиналықты ұстады.
Иерусалимнің шығысында Израиль полициясы мен палестиналықтар арасындағы шиеленіс болды.
Ауызашар уақытынан кейін мыңдаған палестиналық Ескі қаланың символдық кіреберісі Дамаск қақпасының айналасына жиналды.
Палестинаның ресми ақпарат агенттігі WAFA-ның хабарына қарағанда Израиль полициясы басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысында «мақдиси» деп аталатын тұрақты тұру мәртебесі бар 5 палестиналықты ұстады.
Израиль қоғамдық хабар тарату ұйымы (KAN) болса Израиль полициясының Дамаск қақпасы айналасындағы оқиғаларда 4 адамды ұстағанын жариялады.
Кейбір палестиналықтар мен Израиль полициясы арасында ауызша келекелер мен шиеленіс болды.
Израиль полициясы палестиналықтарға ұрып-соғып шабуыл жасады.