"Буча - айсбергтің тек көрінетін жері ғана"

Кулеба Варшавада Ұлыбритания Сыртқы істер министрімен кездесті.

1807124
"Буча -  айсбергтің тек көрінетін жері ғана"

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Украина армиясы ресейлік әскери күштерден азат еткен астана Киев маңындағы Бучадағы сұмдықтың «айсбергтің ұшы ғана» екенін, ал Мариупольдегі жағдайдың «әлдеқайда нашар» екенін мәлімдеді.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс пен Дмитрий Кулеба Польшаның астанасы Варшавада кездесуінен кейін Украинадағы соңғы жағдай туралы ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Украиналық министр ел астанасы Киевте жеңіске жеткенімен, соғыс әлі жалғасып жатқанын және Ресейдің Украинаның шығысында жаңа әрі ауқымды шабуылға дайындалып отырғанын мәлімдеді. Ресейдің Донецк пен Луганскіде одан да көбірек аймақты басып алуға тырысатынын айтқан Кулеба келесі сөздерді қолданды: "Олар қансырап жатқан Мариупольді басып алуға тырысады. Біз Бучада көрген қатыгездіктер Ресей армиясының осы уақытқа дейін Украина жерінде жасаған барлық қылмыстарының шыңы болып табылады және мен сіздерге үлкен қайғымен былай дей аламын: Мариупольдегі жағдай Бучада және Киевке жақын басқа қалалар мен елді мекендерде және біз ауылдарда көргеннен әлдеқайда нашар. Буча, Мариуполь және басқа жерлердегі сұмдық G7 мен Еуропалық Одақ (ЕО) қатаң санкцияларын талап етеді».



Ұқсас жаңалықтар