1480 украиналық қаза тапты

Украинада қаза тапқандар саны 1480-ге жетті.

1807650
1480 украиналық қаза тапты

Украинада осы таңға дейін кем дегенде 1480 бейбіт халық қаза тапты және  2 мың 195 адам жарақат алды. Шабуылдан кейін  4 миллион 244 мың 595 көрші елдерге өтті. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты түрлі хабар көздерінен жинақталған мәліметтер бөлісілді.

Мәлімдемеде 24 ақпан-4 сәуір күндері арасында  Украинадан 4 миллион 244 мың 595 босқынның көрші елдерді паналағаны атап көрсетілді. 

Украинадан ең көп босқын, яғни 2 миллион 469 мың  657 босқын Польшаға қоныс аударды.

Румынияға 643 мың 410, Молдавияға 396 мың 448, Венгрияға 394 мың 728 және Словакияға 301 мың 405 адамның өткені білдірілген мәлімдемеде Донецк пен Луганск аймақтарынан 21-23 ақпан күндері 113 мың адамның Ресейге өтіп кеткені бөлісілді.

Украинадан көрші елдерге өткен босқындардан жүзмыңдаған кісінің Еуропадағы басқа елдерге кеткені анықталды.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық Көші-қон ұйымы Украинада ел көлемінде де 7,1 миллион бейбіт тұрғынның босқынға ұшырағанын жариялады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Ресей-Украина соғысында Украинада кем дегенде 1 мың 480 бейбіт тұрғын қаза тапқаны,  2 мың 195 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.

Қаза тапқан және жарақат алғандар санының анықталғаннан тіпті көп болуы мүмкіндігі баяндалды. 

Халықаралық Қызыл крест тобының 1 сәуірден осы таңға дейін Украинаның Мариуполь қаласына жетуге тырысқаны атап өтілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар