Украинада қаза тапқандар саны 1430-ға жетті

Украинада 2 мың 97 бейбіт тұрғын жараланды, 4 миллион 215 мың 47 босқын көрші елдерді паналады.

1806943
Украинада қаза тапқандар саны 1430-ға жетті

Ресей-Украина соғысында Украинада кем дегенде 1 мың 430 бейбіт тұрғын қаза тапқаны,  2 мың 97 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссариатынан жасалған мәлімдемеде Украинадағы босқын дағдарысына байланысты түрлі хабар көздерінен жинақталған мәліметтер бөлісілді.

Мәлімдемеде 24 ақпан-3 сәуір күндері арасында  Украинадан 4 миллион 215 мың 47 босқынның көрші елдерді паналағаны атап көрсетілді. 

Украинадан ең көп босқын, яғни 2 миллион 451 мың  342 босқын Польшаға қоныс аударды.

Румынияға 643 мың 58, Молдавияға 394 мың 740, Венгрияға 390 мың 302 және Словакияға 301 мың 405 адамның өткені білдірілген мәлімдемеде Донецк пен Луганск аймақтарынан 21-23 ақпан күндері 113 мың адамның Ресейге өтіп кеткені бөлісілді.

Украинадан көрші елдерге өткен босқындардан жүзмыңдаған кісінің Еуропадағы басқа елдерге кеткені анықталды.

БҰҰ-ға қарасты Халықаралық Көші-қон ұйымы Украинада ел көлемінде де 6,5 миллион бейбіт тұрғынның босқынға ұшырағанын, осылайша көрші елдерге қоныс аударған украиналық босқындар санының жалпы 10 миллионға жеткенін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар