Террорлық ұйым екі қызды алып қашты

YPG/PKK бала жауынгерлерді пайдалануды жалғастыруда.

1805624
Террорлық ұйым екі қызды алып қашты

Сепаратистік террор ұйымы YPG/PKK Сирияның Алеппо қаласының орталығында  16-17 жас аралығындағы 2 қызды қарулы жасақтарына қосу үшін алып қашты.

YPG/PKK Біріккен Ұлттар Ұйымымен (БҰҰ) «құрамындағы балаларды босату» туралы келісімге қол қойғанына қарамастан, бала жауынгерлерді пайдалануды жалғастыруда.

Сириядағы бейбіт тұрғындарға қарсы құқық бұзушылықтарды тіркейтін Сирия Адам құқықтары желісі (SNHR) жасаған жазбаша мәлімдемеде Сирияда «SDG» атын пайдаланған YPG/PKK террористтерінің Алеппо қаласының орталығында  Росил Шейхо және Захиде Кочар атты екі қызды ұрлап кеткені айтылған.

Мәлімдемеге қарағанда,  террор ұйымы алып қашырылған балалар мен отбасыларының кездесуіне рұқсат бермеген, қыздар қарулы дайындық үшін Алеппо қаласының орталығынан Манбидж ауданындағы YPG/PKK террор лагерьлеріне жеткізілген.

YPG/PKK ақпан айының соңында Сирияның солтүстігінде Айнулараб (Кобани) ауданынан 14-16 жас аралығындағы тағы 4 баланы қарулы күштеріне қосу үшін отбасыларынан алып қашырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар