Украина-Ресей соғысында бейбіт адам шығыны күн сайын артуда

Ресей армиясы Николайевтегі облыстық әкімшілік ғимаратқа шабуыл жасады.

1804739
Украина-Ресей соғысында бейбіт адам шығыны күн сайын артуда

Украина мен Ресей арасында 24 ақпан бері жалғасып келе жатқан соғыста бейбіт адам шығыны артты..

Николайев губернаторы Виталий Ким әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде Ресей армиясының Николайевтегі облыстық әкімшілік ғимаратқа шабуыл жасағанын білдірді.

Украинаның Төтенше жағдайлар қызметі болса шабуылда 15 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Донецктегі ресейшіл жікшілдердің басшылары жасаған мәлімдемеге қарағанда кеше таңертеңгі уақытта Украина қарулы күштері атқылаған зымыран көпқабатты ғимаратқа құлады.

Жарылыста алғашқы мағлұматтарға қарағанда ғимаратта тұратын 2 адамның қаза тапқаны және материалды шығын келгені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар