Ресейде шетелдік бағдарламалық жасақтама пайдалануға тыйым салынды

Путиннің тақырыппен байланысты жарлығы елдің құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланды.

1804794
Ресейде шетелдік бағдарламалық жасақтама пайдалануға тыйым салынды

Ресейде мемлекеттік органдарға маңызды инфрақұрылымдар үшін шетелдік бағдарламалық жасақтаманы сатып алуға және 2025 жылдан бастап маңызды инфрақұрылымдарда шетелдік бағдарламалық жасақтаманы пайдалануға тыйым салынады.

Президент Владимир Путин елде шетелдік бағдарлама пайдалануға әртүрлі тыйым салу туралы қол қойған жарлық елдің құқықтық ақпарат жүйесінде жарияланды.

Телекоммуникация, қатынас, энергетика, қаржы және денсаулық сақтау сияқты маңызды инфрақұрылымдарда қолданылатын шетелдік бағдарламаларға бағытталған тыйымдарды қамтыған қаулыда «31 наурыз күнінен бастап мемлекеттік мекемелердің маңызды инфрақұрылымдары үшін шетелдік бағдарламалық жасақтаманы рұқсатсыз сатып алуға тыйым салынды» делінді.

Жарлықпен мемлекеттік мекемелердің 2025 жылдың қаңтар айынан бастап маңызды инфрақұрылымдарда шетелдік бағдарламаларды пайдалануға тыйым салынды, аталмыш мерзімге дейін тиісті мекемелердің отандық бағдарламаны енгізіп пайдалануға тапсырма берілді.



Ұқсас жаңалықтар