Ресей Киевтің әскери биологиялық жұмыстары туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі Игорь Конашенков Украинадағы кезеңді баяндады.

1804718
Ресей Киевтің әскери биологиялық жұмыстары туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемешісі Игорь Конашенков орыс әскери бөлімшерінің Украинада Киев және Чернигов бағытында жоспарлы түрде қайта топтастырылғанын хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинадағы соғыста Ресей армиясының операциясы туралы мәлімдеме жасады.

Ресей әскери бөлімдерінің Киев және Чернигов бағытында жоспарлы түрде қайта топтастырылғанын атап көрсеткен Конашенков «Мақсат басым аймақтардағы әрекеттерді күшейту және ең алдымен Донбассты толығымен азат ету операциясын аяқтау» деді.

Конашенков Киев және Чернигов бағытында өз міндеттерін орындаған ресейлік армияның батыс және орталық аймақтардан Донбассқа украин күштерінің өтуіне жол бермегенін атап көрсетті.

Игорь Конашенков «Бүгінге дейін Украина армиясына тиесілі 124 ұшақ пен 77 тікұшақ, 214 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 323 пилотсыз әуе көлігі, 1 мың 767 танк пен броньды техника, 186 көп ұңғылы зымыран, 741 гаубица мен миномет, 1 мың 657 арнайы әскери техникалар жойылды» деді.

Конашенков Ресей Қорғаныс министрлігінің Украинадағы биологиялық зертханалардың қызметкерлерінен АҚШ-тың Украинадағы әскери биологиялық құпия жұмыстары туралы алынған құжаттарды тексеруді жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Ол Киевтің өлімге әкелетін заттарды тасымалдауға және шашуға қабілетті пилотсыз әуе көліктерін қолдану жоспарын көрсететін құжаттардың қызықты екенін айтты.

Ресей өкілі «Бұл фактілер Киев режимінің Донбасс пен Ресей халқына қарсы биологиялық қару қолдану мүмкіндігін байыпты қарастырып жатқанын дәлелдейді» деді.



Ұқсас жаңалықтар