Ер адамдар сақал қоюға міндетті

Ережеге бағынбайтындар жұмыстан шығарылады.

1803826
Ер адамдар сақал қоюға міндетті

Ауғанстандағы Талибан үкіметінің жаңа қатаң шешімдері шеңберінде мемлекеттік қызметте істейтін ер адамдар сақал қою және киім тәртібіне бағынуға міндетті.  Ережеге бағынбайтындар жұмыстан шығарылады.

Reuters ақпарат агенттігіне мәлімет берген дереккөздер қоғам адамгершілігіне жауапты «Жақсылыққа шақыру және жамандықтан аулақ ұстау министрлігінің» өкілдерінің аптаның басынан бері үкімет ғимараттары алдында қызметкерлердің қағидаға бағынып бағынбағандарын тексеріп отырғанын білдірді. Қызметкерлердің сақалын кеспеуі, ұзын, кең көйлек және шалбар киюі талап етіледі.

 Министрлік осы шарттарға бағынбағандардың жұмыстан шығарылатынын айтып, қызметкерлердің уақытында ғибадат жасап жасамағанының да бақылауға алынғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар