Макрон Ресей президенті Путинмен сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Путин үшін "Қасап(қанды қол)" деген сөз қолданбайтынын айтты.

1802817
Макрон Ресей президенті Путинмен сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден сияқты Ресей президенті Владимир Путин үшін "Қасап(қанды қол)" деген сөз қолданбайтынын айтты. 

Макрон "France 3" телеарнасында жасаған мәлімдемесінде Ресейдің 24 ақпанда Украинаға бастаған соғысты доғарғысы келгендерін білдірді. 

Макрон Путинмен кездесулердің жалғасқанын, сондықтан "қасап" деген сөзді қолданбайтынын баяндады. Макрон "Біз еуропалықтар ортақ географиямызды және тарихымызды ұмытпауымыз керек. Орыс халқына қарсы емеспіз" деді. 

Еуропаның Мәскеу мен Вашингтон арасындағы "қырғи қабақ соғыста" орын алмағанын түсіндірген Эммануэль Макрон Украинаның Мариуполь қаласындағы гуманитарлық жәрдем тақырыбында Путинмен телефон арқылы сөйлесті. 

 



Ұқсас жаңалықтар