Луганск Халық республикасында референдум өтеді

Путин 24 ақпанда халыққа үн қатып, "Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскери операция" бастағандарын хабарлаған және Ресейдің Украинаға соғысы басталған болатын.

1802642
Луганск Халық республикасында референдум өтеді

Украинаның шығысында Ресейді қолдаушы бөлшектеушілердің бақылауындағы ауыз жүзіндегі Луганск Халық республикасының Ресейге қосылу үшін жақында референдум өткізуді жоспарлағаны білдірілді.

Ресей Украинаға 24 ақпанда соғыс жариялаудан бұрын тәуелсіздігін таныған Луганск Халық республикасының президенті Леонид Пасечник:

"Жақында республика жерінде халық атазаңдық құқығын қолданатын және Ресей Федерациясына қосылу көзқарстарын жариялайтын референдум өткізіледі. Бұған сенемін" деді.

Украина астанасы Киевте 2014 жылы болған оқиғалардан кейін Ресейді қолдаушы бөлшектеушілер Донбасс облысында ауыз жүзіндегі "Донецк және Луганск Халық республикалары" атымен әкімшіліктерін жариялаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда Кремль сарайындағы рәсімде Донецк және Луганск Халық республикаларының тәуелсіздігін таныған. Аталмыш рәсімге осы әкімшіліктердің өкілдері де қатысқан. Рәсімде араларында "достық" және "ынтымақтастық" келісімдеріне қол қойылған болатын.

Путин 24 ақпанда халыққа үн қатып, "Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскери операция" бастағандарын хабарлаған және Ресейдің Украинаға соғысы басталған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар