Нигерияда 9.7 миллион бала мектепке бармайды

Нигерияда жаңа типті коронавирус індеті алдында 5-14 жастар арасындағы 11 миллион баланың білім алудан мақұрым қалғаны білдірілді.

1801529
Нигерияда 9.7 миллион бала мектепке бармайды

Нигерияда кемінде 9.7 миллион баланың мектепке бара алмай отырғаны білдірілді.

Нигерияда биыл үш миллион балаға білім беретін онлайн, мобильді және жақын арада оффлайн оқу платформасы болған «Нигерия оқу платформасы» таныстырылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Балалар қорының (ЮНИСЕФ) директоры Кэтрин Рассел мәлімдемесінде аталмыш платформаның білім беру қаржыларын қорғансыз балаларға жеткізуге жәрдемші болатынын айтты.

Нигерияда жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті алдында 5-14 жастар арасындағы 11 миллион баланың білім алудан мақұрым қалғанына меңзеген Кэтрин Рассел бүгін Нигерияда кемінде 9.7 миллион баланың білім алуда кері қалғандықтан мектепке бара алмау қаупінде екенін білдірді.

Кэтрин Рассел:

"Аталмыш оқыту платформасы балаларға арналған білім беру бағдарламаларымен бірге қарапайым, оңай және көңілді үйрету жолдары арқылы балалардың қажетіне жауап беруге көмектеседі. Балаларға білім беретін онлайн, мобильді және жақын арада оффлайн оқу талғамдарымен қорғансыз балаларға жәрдемші болады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар