"Украинада 86 әскери инфрақұрылым нысаны жойылды"

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.

1801010
"Украинада 86 әскери инфрақұрылым нысаны жойылды"

Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Украина армиясына тиесілі 86 әскери инфрақұрылым нысанының жойылғанын хабарлады.

Министрлік баспасөз хатшысы Игорь Конашенков ел астанасы Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Украина арасында 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан соғысқа байланысты ақпаратпен бөлісті.

Ресей армиясының Украинадағы әскери инфрақұрылым нысандарына шабуылдарын жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков «Украинада бір күн ішінде ұшақтар арқылы 86 әскери инфрақұрылым нысаны қиратылды» деді.

Баспасөз хатшысы Конашенков сондай-ақ Украина армиясына тиесілі жойылғандар арасында 255 ұшқышсыз ұшатын аппарат,  189 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 1564 танк және әртүрлі бронетранспортерлер, 158 зениттік-зымырандық кешен, 627 гаубицалар мен 136 арнайы миномет барын мәлімдеді.

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков та Украинаның аймақтағы бір ауылға зымыран ұшырғанын айтып, халықтың эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Басқа жақтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Ресейдің шабуылдары жалғасып жатқан Украинада денсаулық сақтау орталықтарына 64 шабуыл жасалғанын, 15 адамның қаза тапқанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар