О.Корея зымыран сынағы өткізген С.Кореяны айыптады

О. Корея зымыран сынағы өткізген С.Кореяға әуеден және теңізден ұшырған зымырандармен жауап қайтарды.

1801346
О.Корея зымыран сынағы өткізген С.Кореяны айыптады

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшыруының артынан құрлықтан, теңізден және әуеден зымырандарын ұшырды.

Йонхап ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда Оңтүстік Корея армиясы Солтүстік Кореяның құрлықаралық баллистикалық зымыран сынағына бүгін құрлықтан, әуеден және теңізден зымырандармен жауап қайтарылғанын жариялады.

Оңтүстік Кореяның әскери лауазымдылары Солтүстік Корея ұшырған зымыранның 6 мың 200 шақырымнан астам биіктікте шамамен 1 мың 080 шақырымға дейін ұшқанын мәлімдеді.

Екінші жағынан Оңтүстік Корея лауазымдылары Солтүстік Кореяның зымыран сынағын айыптағандарын мәлімдеді.

Оңтүстік Кореяның әскери лауазымдылары 16 наурыз күні де «сәтсіз» өткен бір баллистикалық зымыран сынағы жасағанын және Солтүстік Кореяны мұқият қадағалағандарын мәлімдеді.

Лауазымдылар Солтүстік Кореяның 20 наурыз күні бірнеше зымыран тасығышпен Сарытеңізге төрт рет оқ атқанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар