Қытайда құлаған ұшақтың қара құтысы табылды

Ұшақтағы 123 жолаушы мен 9 экспаж, жалпы 132 кісінің қаза тапқаны мөлшерленуде.

1800673
Қытайда құлаған ұшақтың қара құтысы табылды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанци Жуан автономиялық аймағында құлаған жолаушы ұшағының қара құтысы табылғаны хабарланды.

CCTV Мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда ұшақ құлаған аймақта іздеу-құтқару жүргізген топ ұшақтың қара құтысының біреуін тапқаны білдірілді.

Қара құтыда ұшу деректері немесе кабинадағы дыбыстар тіркелгені мөлшерленуде.

Куньмин-Гуанжоу рейсі бойынша ұшқан "China Eastern Airlines" әуе компаниясына тиесілі «5735» номерлі ұшақ екі күннің алдында Гуанци Жуан автономиялық аймағының Ужоу қаласының Тын таулы аймағындағы орман ішіне құлаған болатын.

Қытай Азаматтық авиация басқармасынан жасалған мәлімдемеде ұшақта 123 жолаушы мен 9 экспаж, жалпы 132 кісі болғаны хабарланды.

Аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырған топтар қаза болған адамдардың мәйітінің қалдықтарына кездескен.

Ұшақтағы 123 жолаушы мен 9 экспаж, жалпы 132 кісінің қаза тапқаны мөлшерленуде.



Ұқсас жаңалықтар