Франция лидері Путинмен телефонда сөйлесті

Макрон Ресей-Украина соғысы салдарынан жаһандық азық-түлік дағдарысына ұшырайтындарын білдірді.

1800202
Франция лидері Путинмен телефонда сөйлесті

Франция президенті Эммануэль Макрон 24 ақпаннан осы таңға дейін жалғасқан Ресей-Украина соғысы салдарынан жаһандық азық-түлік дағдарысына ұшырайтындарын білдірді. 

Эммануэль Макрон "France Bleu" радиосында жасаған мәлімдемеде соғыс кесірінен азық-түлік бағасының өскенін, сондай-ақ орта кірістегі адамдарға азық-түлік жағынан жәрдем беретіндерін айтты. Макрон халықты тек Франция өнімдерін сатып алуға ынталандыратындарын түсіндірді. 

Франция лидері Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. 

Ресей Президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда екі ел лидері Украинадағы соңғы оқиғалар және Ресей-Украина делегациялары арасында өткізілген келіссөздер жайлы пікір алмасты. 



Ұқсас жаңалықтар