Ресей украин сарбаздарын тұтқынға алғанын білдірді

Украинаны арандатушылық жасап отыр деп айыптады.

1799314
Ресей украин сарбаздарын тұтқынға алғанын білдірді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Киев облысында Украина қарулы күштерінің жер асты басқару орталығы басып алынғанын, 61 украиндық сарбаздың тұтқынға алынғанын хабарлады.

Конашенков ел астанасы Мәскеуде мәлімдеме жасады. «Ровно облысындағы Нова Любомирка полигонындағы сарбаздар мен шетелдік жалдамалы жауынгерлерді дайындау орталығы жоғары дәлдіктегі зымырандармен атылды. 80-нен астам сарбаз бен шетелдік жалдамалылар жойылды» деді ол.

Ресей армиясының бүгін түнде Украинадағы 44 әскери инфрақұрылым нысанын жойғанын алға тартқан Конашенков Украина армиясына тиесілі 216 ұшқышсыз ұшу аппараты мен 180 зениттік-зымыран кешеніне қоса 1506 танк пен брондалған көлік, 152 көп ұңғылы зымыран тасығыштың, 592 гаубица мен миномет, 1284 жеке әскери техника жойылғанын білдірді.

Конашенков Украина армиясының арандатушылық әрекеттер жасағанын алға тартып, "Бүгін түнде Суми қаласында алдын ала жоспарланған арандатушылық болды. "Сумихимпром" зауытында аммиак ағып кетті. Қала тұрғындарының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ" деді.

Орыс армиясының улы заттар сақталған немесе өндірілген нысандарға шабуыл жасамағанын айтқан Конашенков мұндай нысандардың орналасқан жерлері туралы мәліметтердің бар екенін білдірді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Ұлттық басқару орталығының басшысы Михаил Мизинцев те Киев қаласының әкімшілігіне шақыру тастап: «Милицияларыңызға өздерін құрбан етіп, Мариупольдің құрбаны ретінде көрсету туралы бұйрығыңызды алып тастаңыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар