Ресейге санкциялар артып жатыр

АҚШ Өкілдер Мәжілісі Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда байланыстарын тоқтатуды қамдайтын заң жобасын мақұлдады.

1797945
Ресейге санкциялар артып жатыр

Америка Құрама Штаттарының Өкілдер Мәжілісі Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда байланыстарын тоқтатуды қамдайтын заң жобасын мақұлдады.

Джо Байденнің Ресейдің Украинаға 24 ақпаннан бері жалғасқан шабуылы себепті Ресеймен қалыпты сауда байланыстарын тоқтату шешімінен кейін Конгресте алғашқы қадам басылды.

Конгрестің мақұлдауы керекті процестің алғашқы қадамында Өкілдер Мәжілісі Ресей және Беларусьпен қалыпты сауда байланыстарын тоқтатуды қамдайтын заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасына 424 депутат "мақұл" дауысын берді. Республикашыл 8 депутат "жоқ" деген дауыс қолданды.

Заң жобасының Сенатта қабылдануы күтілуде.

Жапония да Ресей әкімшілігі мен іскерлеріне экономикалық санкцияларды кеңейтті.

Санкция жасалғандар арасында Ресейдің әскери барлау агенттігінің басшысы Игорь Костюков және «Рособоронэкспорт» қару-жарақ компаниясын қамтыған 15 кісі мен 9 ұйым бар.

Австралия үкіметі де санкция тізіміне президент Путин мен істерлерді және 11 орыс банкін қосты.

Голландия Орталық банкінің (DNB) төрағасы Клаас Нот Ресейге санкциялар аясында 200 миллион евродан астам орыс байлығының мұзтылғанын жариялады.

Ағылшын медиа бақылау агенттігі Ofcom Ресей Мемлекеттік ақпарат органы Russia Today-дың хабар тарату лицензиясын дереу қайтарып алғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар