Ресей ұшақ жөндеу базасын бомбалады

Львовтағы шабуылда адам шығыны болмады.

1797818
Ресей ұшақ жөндеу базасын бомбалады

Ресей Украинаға жасаған шабуылының 22-ші күнінде Львовтағы ұшақ жөндеу зауытын нысанаға алды.

Ресей зымырандарының Львов әуежайы маңындағы нысанға жасаған шабуылына қатысты Львов муниципалитеті: «Жөндеу орталығындағы ғимараттар соққыдан қирап қалды. Алайда нысанның белсенді жұмысы алдын ала тоқтатылғандықтан, адам шығыны болған жоқ» деп мәлімдемеді.

Мэр Андрей Садовый Львов тұрғындарын әуе шабуылы дабылы болған жағдайда нұсқауларды орындауға шақырды. Ол  оқиға орнының суретін түсірмеуге ескерту жасады.  

Ұшақ жөндеу зауытын бомбалау Ресейдің Львов облысына жасаған екінші шабуылы болды. Жақында ресейлік зымырандар Халықаралық бітімгершілік және қауіпсіздік орталығын нысанаға алып, шабуылда 35 адам қаза тауып, 134 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар