Зеленский неміс депутаттарға үн қатты

Владимир Зеленский Германия Федерал Мәжілісіне видеомен сәлем жолдап, неміс депутаттарға үн қатты.

1797306
Зеленский неміс депутаттарға үн қатты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің 24 ақпанда еліне бастаған соғыс арқылы Еуропада "Берлин қабырғасы" сияқты бір қабырға тұрғызғанын білдірді.

Владимир Зеленский Германия Федерал Мәжілісіне видеомен сәлем жолдап, неміс депутаттарға үн қатты.

Германия мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың осы қабырға арқылы өткен бір көпір екенін айтқан Зеленский:

"Сіз қабырғаның артқы жағына қарағыңыз келмейді. Бұл арамызда. Еуропада бір қабырға тағы тұрғызылды" деді.

Германия премьер-министрі Олаф Шольцқа үн қатқан Зеленский:

"Құрметті Олаф Шольц осы қабырғаны құлатыңыз. Германияға әділ лидер болыңыз. Мына соғысты тоқтатуымызға көмектесіңіз" деп көрсетті.

Германия премьер-министрі Олаф Шольц Ресейдің украиналықтар жылдар бойы салған қалаларды, ғимараттарды, мектептерді, ауруханаларды, шіркеулерді бомбалағанын білдіріліп,  соғыс жалғасқанын, үш аптада мыңдаған украиналық қаза тапқанын, Еуропаның ортасында 2022 жылы 108 баланың өлтірілгенін атап көрсетті.

Ресей газын Германияға тасымалдайтын Солтүстік Ағым-2 табиғи газ жобасын ескерткен Зеленский:

"Солтүстік Ағым-2 табиғи газ жобасының соғысқа дайындық екенін сізге айттық. Мұның тек экономикалық екені жауабын алдық. Бұл қабырғаны орнатудың қарымжысы еді. Біз сізге Украинаның НАТО-ға кіруі, қауіпсіздігі жайлы кепілдік алу үшін не істеуі керектігін сұрадық. Үстелде емес, белгісіз деген жауап алдық.  Енді бізден "Украина Еуропа Одағына кіре ме?" деп сұрасаңыз, бұл кейбіреулер үшін саясат болуы мүмкін. Талап қабылданбағанда жаңа қабырғалардың тасы болуы ғажап емес" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар