Сергей Лавров әл-Нахайянмен бас қосты

Сергей Лавров пен әл-Нахайян Мәскеудегі кездесудің артынан баспасөз мәслихаты өткізді.

1797421
Сергей Лавров әл-Нахайянмен бас қосты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Сыртқы істер министрі Абдулла ибн-Заид әл-Нахайян Ресей мен Украина арасындағы соғысты талқылады.

Украинада жалғасып жатқан соғысқа тоқталған Лавров «Мариуполь қаласынан 33 мыңға таяу адам эвакуацияланды. Олардың көпшілігі Ресей бағытын таңдады» деді.

БАӘ Сыртқы істер министрі әл-Нахайян болса Украинада бейбітшіліктің енді орнау керектігін атап, «Біз аймақтық және халықаралық тұғырда бейбітшілікке қол жеткізу мақсатты басылатын қадамдардың барлығын құптаймыз» деді.

Украинадағы соғыстың тоқтауына үлес қосатын бастамалар мен гуманитарлық көмек көрсету үшін қажетті қолдауды беруге дайын екендерін білдірген әл-Нахайян «Тараптардың өзара мәмілеге келе алатынына сенімдімін» деді.



Ұқсас жаңалықтар