Ресей АҚШ пен Украинаны сынға алды

Мария Захарова: "Киев пен Вашингтоннан Украинадағы зерханалардағы әскери биологиялық жұмыстар жайлы толық мәлімет беруді және осы мәселені шешу үшін қажетті қадамдарды басуды талап етеміз" деді.

1797482
Ресей АҚШ пен Украинаны сынға алды

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) және Украинаның биологиялық зертханасы жайлы мәлімет беруі керектігін айтты.

Мария Захарова астана Мәскеудегі апталық баспасөз жиналысында Украинада АҚШ-қа қарасты биологиялық зертханалар бар екенін алға тартты және АҚШ-тың осы жайлы айқын мәлімет жарияламағанын білдірді. 

Мария Захарова:

"Киев пен Вашингтоннан Украина территориясындағы зерханалардағы әскери биологиялық жұмыстар жайлы толық мәлімет беруді және осы мәселені шешу үшін қажетті қадамдарды басуды талап етеміз" деді.

АҚШ-тың Ресейді биологиялық қарулар жайлы айыптағанына назар аударған Мария Захарова:

"АҚШ осы саладағы өз қадамдарынан халықаралық қоғамның назарын басқа жаққа аударуға талпынғанын" айтты.

Мария Захарова "Биологиялық Қарулар жайлы келісім" аясындағы механизмді жұмыстандыратындарын білдірді.

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тан әуе қорғаныс зымыран жүйесін сұрағанына және осы жайлы мәлімдемесіне назар аударған Захарова:

"Мұндай мәлімдемелер өте қауіпті. Мұндай қарулармен қамдау тұрақтылықты бұзады және  Украинаға бейбітшілік әкелмейді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар