Әуе кеңістігін жабуды сұрады

Зеленский Канада Федералды Парламентінің Бас Ассамблеясында онлайн режимінде сессияда сөз сөйледі.

1796237
Әуе кеңістігін жабуды сұрады

Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің әуе кеңістігін ұшақтарға жабуды талап ететінін қайталады.

Владимир Зеленский Канада Федералды Парламентінің Бас Ассамблеясында онлайн режимінде сессияда сөз сөйледі.

Зеленский Украина әуе кеңістігін рейстерге жабуды талап ететінін қайталады.

"Аспанды жабыңыз. Әуе кеңістігін жабыңыз. Бомбалауды тоқтатыңыз. Әуе кеңістігін жаппас  бұрын біздің қалаларға тағы қанша зымыран түсуі керек?" деді ол.

Зеленский парламентте эмоционалды сөз сөйледі.

"Қалаларыңызды бомбалау, үйлеріңізді өртеп жіберу қандай болатынын елестетіп көріңізші. Ресей Украинаны жоймақшы" деді Зеленский

Украина басшысы Ресейге салынған санкциялардың осы уақытқа дейін жеткіліксіз болғанын және Ресейдің соғыста жеңіліске ұшырауы үшін бір доллар да қалмауы үшін тағы да экономикалық санкциялар енгізу керектігін айтты.

Владимир Зеленский Telegram аккаунтында бөліскен видео үндеуінде Ресейдің Украинада бастаған соғысының 20-шы күніне баға берді.

«Біз зымырандарды, әуе шабуылдарын, танктер мен снарядтарды тойтарамыз. Ресей бізді жою үшін бәрін пайдаланып жатыр» деді ол.

Ресей армиясының астана Киевке басып кіруді жоспарлап отырғанын атап өткен Зеленский әуе шабуылдарына жол бермеу үшін елінің әуе кеңістігін НАТО жауып тастауы керектігін қайталады.

Бұл ретте Канада Ресейдің Экономикалық даму министрі Максим Решетников пен РФ премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Григоренконы қосқанда тағы 15 ресейлік басшыға санкция салды.

Канада үкіметі 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан бері 900-ден астам адам мен ұйымға санкция салды.

Ресей әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар