Судан армиясы төңкерісшілерді қорқытты

Осман: «Қарулы күштердің көзі кез-келген төңкеріс әрекетіне қарсы ашық»

1796184
Судан армиясы төңкерісшілерді қорқытты

Судан Бас штаб басқармасы төрағасының орынбасары Муневер Осман «Судан Қарулы күштерінің кез-келген төңкеріс әрекетіне қарсы көзі ашық» деді.

Судан ресми ақпарат агенттігі SUNA-ның хабарына қарағанда Муневер Осман бас қала Хартумдағы Нумайри әскери академиясында өткен симпозиумда сөйлеген сөзінде армияның «не өтпелі уақытта, не болмаса кейін билікке ие болғысы келмегенін» атап, судандық тараптарды татуласу, келіссөз және ұлттық мүдделер туралы келісімге келуге шақырды

Осман «Судан Қарулы күштерінің кез-келген төңкеріс әрекетіне қарсы көзі ашық. Армия халықтың еркіндік, бейбітшілік және әділдік таңдауын қолдайды» деді.

Судан халқын келеңсіз жағдайдан құтқару үшін екі мүмкіндік бар екенін, олардың татуласу немесе сайлау болғанын тілге тиек еткен Осман «Демократияның Судан үшін ең жақсы басқару режимі екенін барша түсінуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары Судан халқының жарқын болашаққа дайындалуы үшін демократия ұғымы тақырыбында хабардарлығын арттыруы керек» деді.

Елде 2019 жылы 24 шілде күні сол кездегі Бас штаб басқармасы төрағасы Хашим Абдулмутталиб бастаған бір топ офицердің төңкеріс әрекетінің алды алынып, кейін осыған ұқсас әрекеттер бірнеше рет тіркелген болатын.



Ұқсас жаңалықтар