Шереметьево әуежайының кейбір терминалдары уақытша жабылды

Шереметьево әуежайы әкімшілігі мәлімдеме жасады.

1796590
Шереметьево әуежайының кейбір терминалдары уақытша жабылды

Ресейдің ең үлкен Шереметьево халықаралық әуежайы кейбір терминалдарын уақытша жауып, жаңа инвестициялық жобаларды тоқтатқанын жариялады.

Шереметьево халықаралық әуежайы әкімшілігі жасаған мәлімдемеде санкциялар себепті жолаушылар ағынының азаюына байланысты «E» және «D» терминалдарының уақытша жабылғаны айтылды.

Әуежайдағы үшінші ұшу-қону жолағының да жабылғанына назар аударылған мәлімдемеде «Қабылданған шаралар жолаушы ағыны қайтып келгенше күшінде болады» делінді.

Санкциялармен байланысты Еуроодақ және Америка Құрама Штаттары орыс әскери ұшақтарына әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдап, Ресей де ұқсас бір  санкциялық шешімін іске қосқан болатын.

Ресейдегі кейбір әуе және туристік компаниялар батыстық компаниялардың ресейлік ұшақтарды кепілдікке алу қаупі себепті халықаралық рейстерін тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар