Орыс армиясының шабуылынан балалар қаза табуда

Украинада орыс армиясы тарапынан жасалған шабуылдарда 97 бала көз жұмды.

1796352
Орыс армиясының шабуылынан балалар қаза табуда

Украинаның Бас прокуратурасы Ресей-Украина соғысында 24 ақпан және 15 наурыз аралығында орыс армиясы тарапынан жасалған шабуылдарда 97 баланың көз жұмғанын білдірді. 

Жасалған мәлімдемеде орыс қарулы күштері тарапынан Украинаға жасалған шабуылдар кесірінен 100-ден астам баланың да жарақат алғаны баяндалды. 

Мәлімдемеде сонымен қатар "Әр күні кем дегенде 5 бала бомбалаудан ажал құшуда" деп көрсетілді. 

Украина ішкі істер министрі ақылшысы Антон Геращенко болса орыс соғыс кемелерінің жергілікті сағат 03:00 мөлшерінде Одесса жағалауына  шабуыл жасағанын атап өтті. 

Геращенко Twitter-дегі парақшасында "Орыс шапқыншылары Одесса аймағындағы Украина жағалауына зымыран және зеңбіректермен шабуыл жасады" деген сөздер қолданды. 

Енді бір жағынан орыс шабуылына душар болған Зелений Гай ауылындағы мектептің қоқсығынан 7 мәйіт шығарылса, 3 адам құтқарылды. 

Орыс күштерінің астана Киевтегі шабуылдарында болса бір ғимараттың бөлшектерінің құлауы кесірінен 2 адам жарақат алды. 

Украина ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Киев орталығында 12 қабатты үйдің бір пәтеріне зеңбіректің оғы түсті. Ғимаратта өрт шығып, ғимарат қатты зақымдалды. 

Америка теледидар каналы "FOX TV"-дің тілшісі астана Киев маңында атылған оқтан мерт болды. 

 


Этикеттер: #тілші , #Украина , #бала

Ұқсас жаңалықтар