Конашенков Ресей-Украина соғысын бағалады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков мәлімдеме жасады.

1795578
Конашенков Ресей-Украина соғысын бағалады

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков кейбір батыстық елдердің Украинаға шетелдік жалдамалы жауынгер жібергенін атап, «Украинадағы жерлерін білеміз. Бұл жерлерге шабуыл бастаймыз» деді.

Конашенков бас қала  Мәскеуде елі мен Украина арасындағы соғыспен байланысты мәлімдеме жасады.

Ресей Қорғаныс армиясы және Донбасcтағы жікшіл әкімшіліктердің Украинада алға жылжуды жалғастырғанын атап көрсеткен Конашенков «Украинаға тиесілі 145 пилотсыз әуе көлігі, 1 мың 298 танкі мен әртүрлі броньды техника, 124 көп ұңғылы зымыран тасығыштары, 469 гаубица мен минометтер, 1 мың 047 арнайы әскери техника жойылды» деді.

Украинаның Донецк аймағына кассеталық бомбалармен шабуыл жасалғанын білдірген Конашенков Украинаның қорғаныс өнеркәсібі зауыттарын жоятынын атап «Біз осындай кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер мен кәсіпорындардың айналасындағы үйлерде тұратындарды қауіпті аймақтан кетуге шақырамыз» деді.

Украинада шетелдік жауынгерлер бар екенін тілге тиек еткен баспасөз хатшысы Конашенков «Кейбір батыстық елдер өз азаматтарын жалдамалы түрде Украинаға мемлекеттік деңгейде баруға ынталандырады. Осы шетелдік азаматтардың өліміне өз елдері жауапты болмақ. Барлық шетелдік жауынгерлердің Украинадағы орындарын білеміз. Біз бұл жерлерге шабуыл жасаймыз» деді.

Ресей президенті Владимир Путин Таяу Шығыстан Украинаға аттанатын және Ресей қатарында соғысатын «ерікті жауынгерлерді» майданға  жеткізу үшін бұйрық берген болатын.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуылдарын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар