Чехия, Польша және Словения премьер-министрлері Киевке барады

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Twitter-дегі парақшасында "Польша және Словения премьер-министрлерімен бірге Киевке сапарлай барамыз.

1795788
Чехия, Польша және Словения премьер-министрлері Киевке барады

Чехия премьер-министрі Петр Фиала, Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий және Словения премьер-министрі Янез Янша Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу үшін бүгін Украинаның астанасы Киевке барады. 

Бұл шешімді Чехия премьер-министрі Петр Фиала Twitter-дегі парақшасында жариялады. 

Фиала Twitter-дегі парақшасында "Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий, вице-премьер Джарослав Качиньский және Словения премьер-министрі Янез Яншамен бірге бүгін Еуропа Кеңесі атынан  Украина президенті Владимир Зеленский және Украина премьер-министрі Денис  Шмыгалмен кездесу үшін Киевке барамыз" деп көрсетті. 

Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий де Twitter-дегі парақшасында "Польша және Словения премьер-министрлерімен бірге Киевке сапарлай барамыз. Біз Еуропа Одағы және Біріккен Ұлттар ұйымымен ымыраласа отырып жұмысс істеудеміз" деді. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар