Болгария украиналық 20 мың баланы оқытады

Болгария Білім министрі мектептерде 20 мың украиналық балаға білім беру мүмкіндігі болғанын білдірді.

1795401
Болгария украиналық 20 мың баланы оқытады

Болгария соғыстан қашқан украиналық 20 мың балаға білім алу мүмкіндігі берілетінін хабарлады.

Болгарияның Білім министрі Николай Денков бір жекеменшік телеарнаға берген сұхбатында Болгарияның білім беру жүйесінің оқушы қабылдау мүмкіндігі бар екенін айтты.

Украинадан Болгарияға келген босқындардың 12 мыңнан астамының 18 жастан төмен екенін айтқан Николай Денков мектептерде 20 мың украиналық балаға білім беру мүмкіндігі болғанын білдірді.

Николай Денков Украинадан келген балаларға қосымша болгар тілі сабағы берілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар