"Шетелдік жауынгерлерді жойдық"

Игорь Конашенков Львов облысында 180-ге жуық шетелдік жалдамалы жауынгерді жоғары дәлдіктегі алыс қашықтықтағы қарулармен залалсыздандырғандарын айтты.

1794844
"Шетелдік жауынгерлерді жойдық"

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков Украинаның Львов облысында 180-ге жуық шетелдік жалдамалы жауынгерді жоғары дәлдіктегі алыс қашықтықтағы қарулармен залалсыздандырғандарын айтты.

Баспасөз хабарламасында Игорь Конашенков Киев әкімшілігінің Львов облысындағы полигон мен елді мекенді шетелдік жалдамалы жауынгерлерді ресейлік сарбаздарға қарсы қақтығыс аймақтарына жіберу үшін дайындық және үйлестіру орталығына айналдырғанын айтты.

Бұл өңірде шет мемлекеттерден жеткізілетін қару-жарақ пен әскери техниканы сақтайтын база құрылғанын айта келе Конашенков: "13 наурыз күні таңертең біз Украина қарулы күштерінің Старичи ауылындағы оқу-жаттығу орталықтары мен Яворовский әскери полигонына жоғары дәлдіктегі алыс қашықтықтағы қару-жарақпен соққы бердік. Соның нәтижесінде 180-ге жуық шетелдік жалдамалы жауынгерлер мен әскерилер, бірқатар шетелдік қару-жарақ жойылды. Украина аумағына келген шетелдік жауынгерлерді жою жалғасады» деді.

Осы уақытқа дейін Украина армиясына тиесілі 3736 әскери инфрақұрылым нысанының қиратылғанын атап көрсеткен Конашенков: «Украина қарулы күштеріне тиесілі 100 ұшақ, 139 ұшқышсыз ұшу аппараты, 1234 танк пен броньды техника, 122 көп ұңғылы зымырандар, 452 гаубицалар мен минометтер, 1013 арнайы әскери техника жойылды» деді.

Сондай-ақ баспасөз хатшысы Конашенков Мариуполь қаласынан 44 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланғаны туралы ақпаратпен бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар