Ресейден мұнай мен табиғи газ импортына тыйым салынды

"Ресей мұнайы енді АҚШ порттарында қабылданбайды» деді Байден.

1792000
Ресейден мұнай мен табиғи газ импортына тыйым салынды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден елінің Украина соғысына орай салынған санкциялар аясында Ресейден барлық энергия, мұнай және табиғи газ импортына тыйым салғанын жариялады.

Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Ресей-Украина соғысының 13-ші күні Мәскеуге жан-жақты энергетикалық санкциялар салынғанын жариялады.

АҚШ-тың Ресей экономикасының күре тамырларының бірін нысанаға алғанын айтқан Байден: «Біз ресейлік мұнай, газ және энергия импортына тыйым саламыз. Ресей мұнайы енді АҚШ порттарында қабылданбайды» деді.

Байден «Құрама Штаттар украиндық босқындар жауапкершілігін басқа елдермен бөліседі» деді.

«Осы шешімнің нәтижесінде АҚШ-та бензин бағасы көтеріледі. Бірақ мен оны теңестіру үшін бар күшімді саламын. АҚШ бизнесін қорғау үшін жұмысты жалғастырамыз. Біз Ресейдің шабуылдарымен күресіп жатқанда оппортунистерге мүмкіндік бермейміз» деді ол.

Жанармай бағасы үшін ешкімнің алаңдамауы керектігін баса айтқан Джо Байден: «Біз (Ресей президенті Владимир) Путин сияқты тирандарға энергия ресурстарын соғыс күші ретінде пайдалана алмайтынын көрсетуіміз керек» деді.

Ресейді бірнеше рет атысты тоқтатуға шақырғандарын, бірақ олардың оны ескермегендерін баса айтқан Байден: «Ресейдің (Украинадағы) жылжуы қорқынышты трагедияға айналуда. Путин Украинада ешқашан жеңіске жете алмайды» деді.

«Украина халқы өзінің батылдығымен Путинге қалағанын ала алмайтынын көрсетті. Құдай украин халқын жарылқасын», - деді Байден.

Ұлыбританияның Еңбек, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрі Кваси Квартенг те  елінің 2022 жылдың соңына дейін ресейлік мұнай мен мұнай өнімдерінің импортын сатылы түрде тоқтататынын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар