Қаза тапқан орыс сарбаздар саны он екі мыңнан асты

Ресей армиясының Суми қаласына кеше жасаған әуе шабуылында қаза тапқандар саны 22-ге жетті.

1792493
Қаза тапқан орыс сарбаздар саны он екі мыңнан асты

Ресей армиясының  Украинаның Суми қаласына кеше жасаған әуе шабуылында қаза тапқандар саны 22-ге жетті.

Суми Аймақтық Әскери Басқармасы төрағасы Дмитрий Живицкий әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемесінде Суми аймағының кеше 3 рет бомбаланғанын және Ресейдің осы әуе шабуылдарында  22 адамның қаза тапқанын білдірді.  Олардың үшеуі балалар.

Бұл шабуылдарда 8 адамның жараланғанын атап көрсеткен Живицкий 20-дан астам бір қабатты үйдің де қирағанын білдірді.

Осы уақытта Украина Премьер-министрінің орынбасары Ирина Верещук бүгін көптеген аймақта гуманитарлық дәліздер ашу үшін Ресеймен келісімге келгендерін жариялады.

Верещук баспасөз мәслихатында бүгін Ресейден Киев ұсынған бағыттар бойынша оң жауап алғандарын айтты.

Осы себепті Верещук жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-21:00 арасында атысты тоқтатудың жарияланғанын, адамдарды шығару үшін көптеген аймақта «жасыл» дәліздердің ашылатынын білдірді.

Верещук аталмыш гуманитарлық дәліздердің Энергодар-Запорожье, Суми-Полтова, Изюм-Лозовая, Мариуполь-Запорожье, Вольноваха-Покровск, Ворцель, Бородянка, Буча, Ирпин, Гастомель-Киев бағыттарында ашылатынын мәлімдеді.

Ал Украина Бас штабы соғыста қаза тапқан ресейлік сарбаз санының 12 мыңнан асқанын хабарлады.

Сондай-ақ Ресейге тиесілі 49 ұшақ, 81 тікұшақ, 317 танк, 1070 брондалған көлік, 120 артиллериялық жүйе, 482 көлік, 60 жанармай цистернасы және 7 ұшқышсыз ұшу аппаратының да залалсыздандырылғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар