"Украиналықтар Ұлыбританияға тек бақылаумен кіреді"

Джонсон Ресей-Украина соғысына байланысты соңғы оқиғалар жөнінде баспасөзге мәлімдеме жасады.

1791260
"Украиналықтар Ұлыбританияға тек бақылаумен кіреді"

 

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон украиндықтар үшін мыңдаған өтінішті қарастырып жатқандарын және мүмкіндігінше жомарт болатынын айтты. Оның айтуынша украиндықтар елге ешқандай бақылаусыз кіре алмайды.

Премьер-министр Джонсон Ресей-Украина соғысына байланысты соңғы оқиғалар жөнінде баспасөзге мәлімдеме жасады.

Джонсон Ішкі істер министрлігінің Ресей-Украина соғысы салдарынан Ұлыбританияны паналағысы келген украиналықтарға тек 50 виза бергені туралы бұл санның дұрыс емес екенін, бірақ нақты цифрды бере алмайтынын айтты. Ол елінің украиндықтардың мыңдаған өтінішін қарап жатқанын білдірді.

"Біз өте жомарт елміз. Десе де біз бақылауды қалаймыз. Украинада болып жатқан жағдайды ескере отырып, кімнің келетінін бақылаудың кейбір негізгі дағдылары бар екеніне көз жеткізу керек деп ойлаймын» деді ол.

Ұлыбританияның Ресейге қарсы санкциялар жөнінде одақтастарымен көбірек әрекет етуі керек екенін атап көрсеткен Джонсон бүгін АҚШ президенті Джо Байден және басқа лидерлермен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді.

Ресей сарбаздары 24 ақпанда Украинаға шабуыл жасап, жүздеген мың украиндықтардың елін тастап кетуіне себеп болды.



Ұқсас жаңалықтар