Ресей әскери ұшақтары Суми қаласына әуе шабуылы жасады

Әуе шабуылда 9 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1791665
Ресей әскери ұшақтары Суми қаласына әуе шабуылы жасады

Ресей армиясының Украинаның Суми қаласына жасаған әуе шабуылында 2 бала, барлығы 9 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Украина Төтенше жағдайлар қызметі жасаған мәлімдемеге қарағанда Ресей әскери ұшақтары кеше кешкі уақытта Сумиді бомбалады.

Мәлімдемеде қаланың Роменская және Спартак көшелеріндегі екі ғимаратқа бомбалардың құлағаны және жарылыс болған ғимарат үйінділерінде өрт шыққаны атап көрсетілді.

Өрттің украин өрт сөндіру топтары тарапынан сөндірілгені, үйінді астынан 2 бала, барлығы 9 бейбіт тұрғынның мәйітінің табылғаны мәлімденді.



Ұқсас жаңалықтар