Ресей "дос емес" елдер тізімін мақұлдады
Тізімде АҚШ, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания, О.Корея, Жапония, Украина, Швейцария және Сингапур сияқты елдер және Ресейге санкция жасаған 15 ел бар.
Ресей үкіметі Ресейге "дос емес" көзқарастағы елдер тізімін мақұлдады.
Ресей үкіметінен жасалған мәлімдемеде Ресейге, компанияларына және азаматтарына қарсы достыққа жат қадам басқан елдер тіркелген тізімді мақұлдағаны білдірілді.
Мақұлданған тізімде АҚШ, Еуропа Одағы елдері, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Украина, Швейцария және Сингапур сияқты елдер және Ресейге санкция жасаған 15 ел орын алды.
Ресей президенті Владимир Путин тарапынан 5 наурызда қол қойылған шешім құжатымен орыс компанияларына достық көрсетпеген елдердегі компанияларға қарыздарын рубльмен төлеуге рұқсат берілген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.