Нигериядағы шабуылда 60 адам қаза тапты

Нигерияның Кебби уәлаятында қарулы адамдар жасаған шабуылда 60 адам ажал құшты.

1791704
Нигериядағы шабуылда 60 адам қаза тапты

Нигерияның Кебби уәлаятында қарулы адамдардың соғыскерлерге жасаған шабуылында  60 адам мерт болды. 

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша мотоцикл мінген ондаған қарулы адам Кебби уәлаятындағы Сакаба ауылындағы соғыскерлермен қақтығысты.

Қарулы адамдардың соғыскерлерге оқ жаудыруы кесірінен  60 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды. 

Енді бір жағынан мемлекеттің Тараба уәлаятында ұйымдастырылған қарулы шабуылдарда да алғашқы белгілеу бойынша 26 адам ажал құшты. 

 



Ұқсас жаңалықтар