"АҚШ әскері Латвияда тұрғаны жөн"

Эдгарс Ринкевич: "Ресей президенті Путиннің Ресейіне байланысты ешқандай қиялымыз жоқ" деді.

1791291
"АҚШ әскері Латвияда тұрғаны жөн"

Латвия Сыртқы істер министрі Эдгарс Ринкевич Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Латвиядағы әскери болмысының тұрақты болуы керектігін айтты.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Балтық жағалауы елдері туры аясында бас қосқан Эдгарс Ринкевич ортақ баспасөз жиналысында Ресейдің алдағы кездегі саясатының өзгеретініне сенімі қалмағанын білдіріп:

"Ресей президенті Путиннің Ресейіне байланысты ешқандай қиялымыз жоқ" деді.

Эдгарс Ринкевич:

"Соңғы оқиғаларда Америка Құрама Штаттарының Латвиядағы әскери болмысының тұрақты болуына риза боламыз" деді.

Эдгарс Ринкевич:

"Ресейдің Украинаға шабуылына орай Балтық елдерінің қорғаныс жүйесін бекемдеуі керектігін, шабуылдар Еуропаның қауіпсіздігі мен одақтың тыныштығына  ұзақ мерзімдік қауіп болатыны дәлелденді" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар