Пәкістанда мешітке шабуылда 45 кісі мерт болды

Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 345 кісі қаза тапты.

1789823
Пәкістанда мешітке шабуылда 45 кісі мерт болды

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы шииттерге қарасты мешітке жасалған шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапты.

Полиция лауазымдыларының мәлімдемесінде Пешавардағы Куча Рисалдар мешітінде жұма намазы үшін жамағат жиналған кезде бомбалы шабуыл жасалғаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылда кемінде 45 кісі қаза тапқаны, 65  кісінің жараланғаны хабарланды.

Шабуылға байланысты тергеу басталды. 

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан бомбалы шабуылды айыптады.

Қаза тапқан адам саны артуы алаң туғызған шабуылды ешкім мойнына алмады.



Ұқсас жаңалықтар