Йеменге қажетті қаржының тек 9 пайызы ғана орындалды

БҰҰ БЖКБ Йемен кеңсесі қоныс аударушылар туралы мәлімдеме жасады.

1788883
Йеменге қажетті қаржының тек 9 пайызы ғана орындалды

Йеменде қоныс аударушы отбасыларға қажетті қаражаттың тек 9 пайызының ғана орындалғаны жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарлығы (БҰҰ БЖКБ) Йемен кеңсесі ресми Твиттер аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Йеменде шамамен 7 жылдан бері жалғасып келе жатқан қақтығыстар себепті жылдар бойы үйлерінен алыста өте қиын жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар бар екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «БҰҰ БЖКБ 2022 жылға Йеменде қоныс аударушы отбасылар үшін қажетті қаржының тек 9 пайызын ғана алды» делінді.

БҰҰ 20 қаңтар күнгі мәлімдемесінде Йемендегі қақтығыс салдарынан босқынға айналғандар санының 4 миллион 200 мыңға ұласқанын мәлімдеді.

Йемен үкіметі соңғы кездері БҰҰ мен халықаралық мекемелерге «қақтығыстар себепті қоныс аударған отбасыларға қолдау көрсетуге» шақырады.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик 16 наурыз күні Швеция мен Швейцария үкіметтерінің ұйымдастыруымен Йеменге донорлық конференция өтетінін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар